Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО Армениядан жеткізілген көлікке алғашқы тіркеу нөмірін берді

2020 жылдың 1 маусым 2020 14:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген алғашқы көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

47 жастағы алматылық Хосров Гасанов Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Армениядан жеткізілген көлігін тіркеп, нөмір алды.

«Мен «Хюндай Гранд Старекс» автокөлігін Армениядан 2019 жылдың қараша айында алып келдім. Содан бері оны елімізде қалай заңдастырам деп әбден уайымдадым. Қалада емін– еркін айдап жүре алмадым. Мемлекетке рахмет, бізге мүмкіндік берді. Бүгін мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келдім, мамандар 15 минуттың ішінде көлігімді тіркеп берді. Мемлекеттік баж - 11 946 теңге төледім. Енді мен заңды түрде еш кедергісіз жүре аламын. Мемлекетімізге тағы да рахмет», - деді Хосров Гасанов.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Қазақстандықтарға Армениядан әкелген көліктерін 2020 жылдың 1 ақпанына дейін тіркеуге мүмкіндік берді.

«Біріншіден, Үкімет 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Екіншіден, осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында тіркеу жүргізуге рұқсат берілді. Үшіншіден, тек сол жақтағы басқару элементтері бар автокөліктер тіркеуге жатады. Төртіншіден, үш төлеммен шектеу туралы шешім қабылданды: тіркеу жарнасы - 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем - 3 473 теңге және МТНБ үшін алым - 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайды. ҚР 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік құралдарын тіркеуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеу жүргізілмейді», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.


Жоғары қарай