Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Алматыдағы Сайран көлінде суға бата жаздаған адамдар құтқарылды

2019 жылдың 8 тамыз 2019 04:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Сайран» көлінде суға шомылуға келіп, батып кете жаздаған азаматтарды құтқарушылар аман алып қалды. Мұндай жағдай бір күнде екі рет қайталанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші оқиға сағат 18:24-те көлдің батыс жағында болды. Жас жігіт суға түсіп жүзе бастаған, жағадан біраз жерге дейін жүзіп барған ол, суға бата бастаған.

«Оның жанында достары болған, олар өздерімен келген жігітің суға кетіп бара жатқанын байқап қалып, көмек сұраған. Құтқарушылар сол маңайда қайықпен жүзіп жүрген, олар дереу қажетті жерге жетіп, су түбіне кеткен азаматты тауып алды. Ол жағаға шығарылғанда ес-түссіз жатты»,-деді құтқарушылар қызметі.

Құтқарушы медицина мамандары оған бірінші кезекте қажетті көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем келгенше аман алып қалды. Жағалауда жүргізілген раенимация сәтті өтіп, құтқарылған жігіт есін жиды. Оқиға орнына жеткен «103» қызметі оны қалалық стационарға жеткізді.

Кешкісін алакөлеңке түскенде құтқарушылар жағалауды шолып жүріп, көлдің оңтүстік бөлігінен бір қимылды байқап қалады. Ол 4 адам мінген 2 адамдық катамаран болып шықты. Құтқарушылар оларға екі қайықпен барып, түн ішінде суға түсуге болмайтындығын ескертпек болған. Осы сәтте катамаран аударылып, екі жігіт пен екі қыз суға баста бастаған.

«109» қызметінің өкілдері төрт адамды да құтқарып қалды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді. Алайда оларға өздерінің әрекеттері үшін жағалауда тұрған полиция қызметкерлеріне жауап беру керек болады. Екінші оқиға кешкі сағат 21:05-те тіркелді», деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Алматы қаласының Құтқару қызметі өкілдерінің жедел әрі бірлескен қимылдарының нітижесінде көлде болуы ықтимал қайғылы жағдайлардың алды алынды. Құтқарушылар өз қызметін «Сайран» көлінде күндіз-түні жүргізуде. Олардың құрамында 5 құтраушы, 1 медицина қызметкері және 3 моторлы қайық бар.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай