Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы Сайран көлінде жас жігіт құтқарылды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 11:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16 қыркүйекте кешке «109» қызметінің қызметкерлері Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге Сайран көлінде батқан жігітті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алмалы ауданының құтқарушылары Сайран көлі жағасын шарлап, су бетін шолуда әлсіз бір қозғалысты байқайды. «109» қызметінің қызметкерлері Игорь Клунский мен Наил Сейітов оның суға батып бара жатқан адам екенін анықтады. Жігіт жағадан 9 метр алысқа кетіп қалған. Кейін достары оның суға батып жатқанын көргенде, әзілдеп жатыр деп оған сенбепті», - деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушылар жігітті судан шығарып алды. Бозбала қайықтарға дейін жүзіп жеткен, ал кері қайтарда әлі бітіп, шаршап қалған.

19 жастағы суға батып кете жаздаған жігіт Сайранға достарымен шомылуға келген.

«Көбінесе жазатайым оқиға өз күшін дұрыс бағаламаудан болады. Суға батып бара жатқан адамдар, әдетте агрессивті болуы мүмкін, бірақ бұл ашу емес, бойын үрей жайлаған адам тыпыршып, кез келген затқа қарманады, ол мені де ұстап, төмен тартты. Сондықтан, егер достары көмекке барғанда оларға да қауіп төнетін еді», - дейді құтқарушылардың бірі. Маусым айынан бері құтқарушылар 1 мың рейд жүргізіп, 8,5 мың жадынама таратып, 11 адам құтқарды, олардың төртеуі - бала.

Құтқару бекеті күн суытқанға дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.








Жоғары қарай