Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыдағы Шымбұлақ 25 мамырдан бастап ашылады

2020 жылдың 24 мамыр 2020 18:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Шымбұлақ тау шаңғысы курорты мамырдың 25-інен бастап ашылуы мүмкін. Бұл туралы туристік нысанның Іnstagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, жақсы жаңалық! Біз жазғы маусымның ашылуына дайындалып жатырмыз. Алдын ала дерек бойынша 25 мамырда ашыламыз. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет бәріміз дүйсенбіні асыға күтіп жүрміз» делінген парақшада.

Сонымен қатар, жазғы маусымда Шымбұлақтағы аспалы жолдардың жұмыс уақыты белгіленді.

Айта кету керек, коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе нысандарын 17 наурызда жапқан болатын.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Туризм,
Жоғары қарай