Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 23:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы органдардың қызметкерлерімен және әскерлерімен бірлесіп, қаланы тазарту бойынша лаңкестікке қарсы іс-шара жүрігізілуде. Тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде полицияға тиесілі 163 қызметтік көлік бар», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, қаладағы тәртіпсіздікке қатысты шұғыл түрде дәлелдеме базасы жиналды.

«102» жүйесі қалпына келтірілді. Шақыруға күшейтілген патрульдік жасақтар жіберіледі. Құқықбұзушылықтар туралы әрбір дабыл мұқият тексеріледі. Бүгінгі таңда қалада жағдай тұрақты. Коммуналдық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы қалпына келтірілуде», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қылмыскерлерден қаруды тәркілеу жүріп жатыр. Бүгінде 127 қару, 2800 түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы құралдар тәркіленді.

Жоғары қарай