Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыдағы тәртіпсіздік: «Qazaqstan» арнасының кеңсесіндегі «Алтын қор» қоймасы өртенді

2022 жылдың 6 қаңтар 2022 11:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ғимараты қалай зардап шеккені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Алматыда шабуылға шыққан белгісіз топ (террористік күштер) «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының қалалық филиал ғимаратына өрт қойды. Камералар тоналып, «Алтын қор» қоймасы мен серверлер бөлмесі өртеніп кетті. Шабуылшылар жақында телевизия қайраткерлеріне (Кенжеболат Шалабаев, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Шерхан Мұртаза) қойылған ескерткіштерді толықтай қиратқан», - делінген баспасөз қызметі таратқан

Телерадиокорпорация ақпараты бойынша, қазір ғимаратта өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Оқиға кезінде кеңседе болған заңгер жеңіл дене жарақатын алды. Қазір арнайы қызмет өртті сөндіруде. «Қазақстан телерадиокорпорациясы өзге әріптестері мен барша қазақстандықтарды сақ болуға шақырады», - деп хабарлады телерадиокорпацияның баспасөз қызметі.


Жоғары қарай