Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыдағы ЖЭО –2-ні жаңғыртуда экология басты мәселе болмақ

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 18:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бақытжан Сағынтаев ЖЭО-2-ні жаңғырту бойынша «Самұрық-Энерго» басшыларымен және қоғам өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – экологияның қазіргі жағдайы. Өйткені, залалды заттардың төрттен бірі ЖЭО-2-ден бөлінеді. Залалды заттарды азайту үшін жылу-электр орталығының қуатын газға көшіру қажет.

Қазіргі кезде «ҚазЭнергоөнеркәсіптік» ҒЗИ мамандары ЖЭО бойынша «Алматының энергокешенін газдандыру, қоршаған ортаға ең төмен залал келтіру үшін ЖЭО-2-ні жаңғыртудың» жобасын әзірлеуде.

Жоба бойынша жүргізілген алғашқы нәтижелер 2020 жылдың наурыз айында қаралады. Мұнда газға көшіру және газбен тазарту қондырғыларын орнатудан бастап жаңа станса салуға дейінгі бірнеше нұсқалар сараланады. Басты мақсат — түтінді газдағы залалды заттардың құрамын ЕС стандарттарына дейін азайту.

«Бүгінгі күні біз үшін модернизациялау моделін белгілеу маңызды, содан соң сарапшылармен және жұртшылықпен бірге барлық тараптардың көңілінен шығатын шешімді ашық диалог түрінде қабылдайтын боламыз. Мұнда біз экология мүддесіне жүгінеміз», — деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай