Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді

2021 жылдың 16 мамыр 2021 23:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 352 шақырым қашықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,3. MPV магнитудасы – 4,7. Тереңдігі – 15 шақырым», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.


Басты сөздер: Жер сілкінісі, Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай