Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Алматыдан 357 шақырым қашықта жер сілкінді

2020 жылдың 7 сәуір 2020 08:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 7 сәуірде Алматы уақыты бойынша 3 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 357 шақырым қашықтықта, Алматы облысының аумағында қазақ-қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8,6. MPV магнитудасы – 3,4. Тереңдігі – 25 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

Басты сөздер: Жер сілкінісі, Алматы,
Жоғары қарай