Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 366 шақырым қашықта жер сілкінді

2021 жылдың 13 маусым 2021 08:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 03 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 366 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.5. Магнитудасы - 4.3.

Жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Басты сөздер: Қытай,
Жоғары қарай