Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 441 км қашықтықта жер сілкінді

2019 жылдың 14 ақпан 2019 10:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 ақпан күні 06 сағат 28 минут 48 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 441 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында жатыр.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9,7. MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.

Басты сөздер: Жер сілкінісі, Оқиға,
Жоғары қарай