Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 13 мың жолаушы келген

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 18:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемия басталғалы бері Алматыға шетелден 13 мыңнан астам адам ПТР тестісіз келді. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте басқа елден келген азаматтардың 90% -ы жасыл дәлізден өтеді, өйткені олардың қолында ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар. Десекте, ақшаларын үнемдеп ПТР анықтамасыз келетіндер де бар. Мұндай адамдар басқа адамдарға үлкен қауіп төндіреді. Мемлекет мұндай азаматтарды тегін тестілеуден өткізіп, тамақтандырып, көлікпен қамтамасыз етеді. Пандемия басталғалы бері 13 мыңнан астам жолаушы Алматыға шетелден ПТР тестісіз келді. Шетелден келген 85 азаматтан коронавирус анықталды. Олар Түркия, Египет пен БАӘ және басқа елдерден ұшып келген жолаушылар «, - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, қаланың бас санитарлық дәрігері ПТР анықтамасы жоқ азаматтарды мемлекет тегін медициналық тексеруден өткізетіндігін атап өтті.

«Қазір ПТР тест құны 8025 теңге. 6 мың теңге -жатын орны, азық-түлік пен жол ақысы- 4 500 теңге. Осыдан-ақ, мемлекет қанша ақша жұмсайтынын есептеуге болады. Біз сияқты азаматтарына қамқорлық танытатын мемлекеттер кемде-кем. Біз өз азаматтарымызды шетелде қалдыра алмаймыз «, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың күрт төмендеп кеткенін айтқан болатын.



Жоғары қарай