Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыға тағы 70 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізіледі

2020 жылдың 6 шілде 2020 20:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 573 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Жақын күндері тағы да 70 құрылғы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Алматы қаласында 49 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Оның 26-сы қолданыста, резервте 23-і тұр. Жақын күндері тағы 70 аппарат келуі керек. Қала бойынша ӨЖЖ аппараты тапшылығына қатысты мәселе жоқ. Ал, жалпы Алматы қаласында 573 ӨЖЖ аппараты бар. Медициналық ұйымдарды түрлі құрылғылармен қамту жұмыстары жалғаса бермек», - деді әкім.

Сонымен қатар, ол қалада коронавирус инфекциясын анықтау үшін 28 томография аппараты қолданылып жатқанын айтты. Одан бөлек, халыққа қолжетімді 70 рентген құрылғысы жұмыс істеп тұр.


Жоғары қарай