Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Алматылық білім саласының мамандары мектеп білімінің болашағын талқылады

2019 жылдың 25 шілде 2019 21:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық білім беру саласының мамандары Public Talk отырысында еліміздегі мектеп білімінің болашағын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, бүгінгі күні мектептер үш тілді білім беруге әзір емес. Мұғалімдердің өзі дайын емес. Ағылшын тілін жетік білмейтін ұстаз тақырыпты ашып, балаларға түсіндіре алмайтыны анық. Педагог бұл сабақтың қыр-сырын және әдістемесін толық игеруі қажет. Сондықтан, ең алдымен мұғалімдерді оқытып, дайындау керек. Бұған біраз уақыт кетеді. Бірақ, осы қадамға баруға тиіспіз. Себебі, ағылшын тіліне сұраныс жоғары. Қазіргі ғылыми жаңалықтар ағылышын тілінде шығып жатыр, балалар халықаралық байқауларға қатысуға құқылы. Бұл мәселеге атүсті қарауға болмайды. Білімді реформалауды алдымен мұғалімдерден бастаған жөн», -дейді TAMOS мектебінің директоры Лидия Шаповалова.

Болашақта үштілділікті дамыту қажет деген пікірге «Республикалық физика-математика» мектебінің директоры Алмаз Күнғожин де қосылады.

Халықаралық сарапшы, TAMOS Education академиялық дамыту жөніндегі директоры Коллер-Вудс Пол үштілділік жас мұғалімдерді даярлаудан басталуы керек деп есептейді.

«Қазақстанда үштілділікті енгізуді жоспарлағанда мен шымкенттік университеттердің бірінде оқытушылар мен профессорларға ағылшын тілінен сабақ бердім. Сонда менен бәрі: «Біз неге ағылшын тілін үйренуіміз керек, біз 20-30 жыл бойы өз ана тілімізде сабақ беріп-ақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, ағылшын тілі қаншалықты қажет?» деп сұрайтын. Яғни, мұғалімдердің өзі бұл тілге немқұрайлы қарайтын. Ағылшын тілін меңгеруге ынталары болмады, үйренбеді. Олардың ешқайсысы емтиханан өтпеді. Менің ойымша, Білім министрлігі қаражатты жас ұстаздарға және болашақ мұғалімдерге салу керек», - дейді Кольер-Вудс Пол.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Тіл, Білім, Алматы,
Жоғары қарай