Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматылық бойжеткенді 27 млн теңгеге алдап кеткен балгер ұсталды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 09:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жәбірленуші «балгерді» тақырыптық сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп «сиқыр әрекеттерін» жасауды сұраған.

«Ресейлік 40 жастағы әйел арбау арқылы, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін алып кеткен», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Қазіргі таңда Салима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің үстінен ҚРҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.





Жоғары қарай