Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматылық есірткіні аяқ киіміне жасырып түрмедегі танысына өткізбек болған

2020 жылдың 3 сәуір 2020 20:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында есірткіні аяқ киіміне жасырып, түрмедегі досына өткізбек болған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЛА-155/8 мекемесінде Алматы қалалық қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері мен полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол қамауда отырған досына азық-түлік беріп жібермек болған.

Тексеру барысында оның аяқ киімінің ұлтарағының астынан пакетке салынған өсімдік тектес зат табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес бұл гашиш екені анықталды.

«Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді», - деді қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.


Жоғары қарай