Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылық құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады

2021 жылдың 25 мамыр 2021 20:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов онлайн брифинг барысында жаз маусымында өрттің алдын алу себептері мен әдістері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биыл тұрғын үй секторында жиі өрт болған.

«Көбіне отты абайсыз пайдалану және балалардың тентектігі өрттің шығуна әкеледі. Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар өрттің болуына себепкер болуда, оған мысалдар жеткілікті», - деді Самат Асаинов.

Сонымен қатар, ол 17 мамырда сағат 22.00 шамасында тіркелген резонанстық өрттің себебін айтты. Ол кезде өрт үш қабатты көппәтерлі үйдің барлық шатырын қамтыды. Тексеру барысында өрттің себебі балалардың тентектігінен екені анықталды. Абырой болғанда, өрт ауыздықталды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Спикер кішкентай балалардың терезеден құлап кету жағдайларында тілге тиек етті.

«Бірнеше секундқа ғана үлкендердің қарауынсыз қалған сәби терезеден құлауы, жарақат алуы, тіпті қайтыс болуы әбден мүмкін. Мұның себебі – үлкендердің жауапсыздығы!»,- деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Самат Асаинов балаларды назардан тыс қалдырмауға, терезелерге блокираторлар, торлар орнатуға, москит торларына сенбеуге, жиһазды баланың терезе жақтауына шыға алмайтындай етіп алыс орналастыруға кеңес берді.

Қазіргі кезде ТЖД қызметкерлері көпқабатты үйлердің аулаларын аралап, тұрғындарға жадынамалар таратып жатыр.

Құтқарушыларға Jas Otan жастар қанатының және ҚР Қызыл Жартыай қоғамының еріктілері көмектесуде.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Қауіпсіздік,
Жоғары қарай