Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылық полицейлердің жалақысы көбейді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 14:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ішкі істер органдарын модернизациялау полицейлердің еңбекақысына қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол картасы аясында және ІІД жүйесін модернизациялау барысында полицейлердің жалақысы 65 пайызға өсті.

Сержант құрамындағы қызметкерлер: 93 мың мен 140 мың аралығында, офицерлер құрамының полиция қызметкерлері - 124 мың мен 174 мың аралығында жалақы алады. Сонымен қатар, Алматы ПД қызметтері мен бөлімшелерінің 718 қызметкері ай сайын тұрғын үйді жалдағаны үшін өтемақы алады.

«Ішкі істер органдарын модернизациялағанға дейін олардың саны 414 болған. Аталған өтемақыны жедел бөлімшелер, тергеу, анықтау, жедел әрекет ету қызметі отрядының (СОБР) қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері алады», - деп атап өтті Қанат Таймерденов.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай