Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылық волонтерлер соғыс ардагерлеріне арналған қайырымдылық марафонын бастады

2021 жылдың 5 мамыр 2021 21:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық волонтерлер Жеңіс күні қарсаңында «Ерлікке тағзым - елдіктің белгісі» атты қайырымдылық шарасын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің «Dostyq alańy» еріктілер клубы екінші жыл қатырынан «Мейірімді істер» марафоны аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырып жатыр.

Клуб еріктілері мен педагогтары алғашқы болып соғыс жылдары тылда еңбек еткен Батиха Құпиярова, Ғазиз Бекмұхамедов пен Елена Минибаеваны құттықтады.

«Біз ардагерлерімізге қарыздармыз. Сондықтан оларға қамқорлық жасауымыз керек. Олардың өмірін жеңілдетуге, күнделікті қажеттіліктерін алып беру қиын шаруа емес. Біздің ардагерлер бәріне үлгі болып қала береді. Жыл сайн ардагерлердің қатары сиреп барады. Сондықтан қайырымдылық акциялар, іс-шаралар мен марафондар ардагерлерге ықылас пен қамқорлық белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бізге бейбіт өмір сыйлаған адамдарды ұмытпауымыз керек «, - деді Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлхан Жұмағұлова.








Жоғары қарай