Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматылық жастар блокбекетте тұрған барлық қызметкерлерге дастархан жайды

2020 жылдың 27 наурыз 2020 19:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық жастар блокбекетте тұрған барлық сала қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар бірнеше бақылау-өткізу бекеттерін аралап, Наурыз мерекесіне орай полиция, әскери қызметкерлері мен дәрігерлерге мерекелік дастархан жайды. Осылайша олар жанқиярлық және қажырлы еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді.

«Қазір біздің еліміз, бүкіл әлем сияқты, қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Короновирус әрқайсысымызды өзара көмек, түсіністік, мейірімділік, сенім және парыз сияқты қарапайым адами қасиеттерге сынап жатыр. Өз міндеттерін атқару барысында біздің полицейлер, Ұлттық ұлан сарбаздары, дәрігерлер, еріктілер өздерінің денсаулығына және отбасыларының денсаулығына қауіп төндіреді. Біз бауырларымызбен бірге осы уақытқа дейін бізді қорғап келе жатқан азаматтарға қолдау көрсетуіміз керек деп шештік», – деді алматылық Марлен Ерланұлы.

Акцияны ұйымдастырушылар бұл бір реттік шара емес екенін және тұрақты түрде өткізілетінін айтты. Бұған дейін, олар 200-ге жуық адамды тамақтандырды.

«Алматы полициясының басшылығы мен жеке құрамның атынан мен қонақтарға олардың жанашырлығы және ізгілік қасиеттері үшін ерекше алғыс айтамын», – деді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.








Жоғары қарай