Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматылықтар коронавирусты көбіне сауда объектілерінде жұқтырады – Бекшин

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 21:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар коронавирусты көбінесе сауда нысандары мен қоғамдық көліктерде жұқтырады. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, науқастардың 90% вирусты – сауда объектілерінде (37,3%), қоғамдық көлікте – 22,2%, отбасыларда – 19,3%, базарларда – 11,2% жұқтырған.

Сондай-ақ мегаполистің барлық тұрғындары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын елемей, қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайтыны атап өтілді.

«Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарамастан, мен барлығын, әсіресе егде жастағы азаматтарды коронавирустың кез келген штамынан қорғауды қамтамасыз ету үшін тағы да вакциналануға шақырамын», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Спикер қаладағы барлық вакциналар тиімді, тіпті вакциналанған адам ауырып қалса да, қалыптасқан иммундық қорғаныс аурудың жеңіл ағымын қамтамасыз етеді және өлім-жітімге жол бермейтінін атап өтті.


Жоғары қарай