Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтар коронавирусты театр мен кинотеатрларда жұқтыра бастады – Бекшин

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 17:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар коронавирусты театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында науқастардың 40% қоғамдық орындарда, 20% - қоғамдық көлікте, сондай-ақ 28% отбасыларында жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматтар дер кезінде ауруханаға оқшауланбай, туысқандарын қауіпке тіккен. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шаралар, той жасау, ас, құдайы тамақ беру көбейген. Одан бөлек қаңтарда ауырғандар арасында кинотеатрлар мен театрларда жұқтырғандар тіркеліп жатыр», - деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, ауру жұқтырғандардың ішінде 20-39 жас аралығындағы азаматтардың үлесі – 35%, 40-59 жас аралығында – 27-28%.

Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.


Жоғары қарай