Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтар жолдағы шұңқырларға қатысты шағымданып жатыр

2021 жылдың 25 ақпан 2021 15:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Наурызбай ауданының «Тастыбұлақ» шағын ауданының тұрғындары жолдағы шұрық тесіктер мен лас көшелерге қатысты шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар жедел жәрдем мен кәріз суын тазалайтын көлік шақыра алмай отыр. Әлеуметтік желіде 86 жастағы қарияның наразылық видеосы таралып жатыр.

«Бұл үйде 2 ақсақал тұрады. Оның бірі мүгедек адам. Олар түзге отыра алмай жүр. Ассенизатор көліктер біздің ауданға кіруден бас тартады. Жол ортасына түсіп жатыр. Жаяу жүру де мүмкін емес. Жедел жәрдем де келе алмайды. Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ, Жерұйық көшесі, 3/71», - делінген жазбада.

Аудан әкімі Санжар Тоғай бұл мәлімдемеге жауап берді.

«Мердігер компания тас төгіп, инженерлік желілер жүргізілген жерлерде көшелерді жөндейді. «Монолит Дизайн 2030» ЖШС осы мекенжай бойынша жұмыстар тапсырылды. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді аудан әкімі.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Әкімдік,
Жоғары қарай