Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды

2020 жылдың 29 қазан 2020 11:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғындарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адам алматылықтарға Қытайдан арнайы техниканы сатып алып, жеткіземін деп уәде еткен.

«Қылмыстық іс-материалдары бойынша ол аса ірі көлемде алаяқтық жасаумен айналысқан. Ол үшін үлкен жоспар құрған. Алматы қаласында арнайы компания тіркеп, кеңсе жалдап, «тиімді» шарттармен арнайы техниканы сату туралы жарнама орналастырған. Сондай-ақ, қылмыскер бір реттік сыйақы төлеп, фирманы сауатсыз адамға тіркеген. Осылайша ірі габаритті техниканы сатып алғысы келген екі азаматты алдаған. Бірінші жағдайда сатып алушы 80 миллион теңге төлесе, екіншісінде 40 миллион төлеген. Алайда, уәде етілген тауарларды олар әлі алмады», - деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерғали Ибраимов.

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін күдікті бірден ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелді. Күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденді.Жоғарыда айтылған ауыр санаттағы заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін С.азамат 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.


Жоғары қарай