Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматының алты базары жаңарады

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 21:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2020 жылы Алматының алты базары модернизациядан өтеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаладағы бес базарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, бұл жобалар қазірдің өзінде мақұлданған.

Атап айтар болсақ , «Сары-Арқа», «Ақсай-4» ықшам ауданындағы «Арыстан», Төле би көшесіндегі «Тұлпар», «Береке» базары, сондай-ақ Солтүстік айналма жолының бойындағы «Үшқоңыр» мен «Өжет» базарлары модернизациядан өтеді.

Әзірге «Жібек жолы» автокөлік базары иелерінің жобасын билік тарапы мақұлдаған жоқ.

Бұған дейін, Еркебұлан Оразалин Никольский базарының иелері тұрғын үй салатынын айтқан болатын.

Кейін Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Никольский базарының орнына салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты түсініктеме берді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс, Әкімдік,
Жоғары қарай