Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының Әуезов ауданында суық су болмайды

2021 жылдың 15 маусым 2021 12:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«17 маусым күні таңғы сағат 9 :00 –ден кешкі сағат 18:00 – ге дейін Төле би, Саин, Өтеген батыр көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды салқын сумен қамтамасыз ету шектеледі. Суық су беру уақытша тоқтатылады»,- деп хабарлайды «Алматы су».

Бұл шектеулер сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізу үшін қажет.

Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкімдік, Қоғам,
Жоғары қарай