Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматының бас көшелерінен қырып алынған ескі асфальт кәдеге жарайды

2019 жылдың 25 шілде 2019 16:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелеріндегі ескі асфальт кәдеге жарайды, оны топырақ жолдарға төсеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы көшелерінен шыққан ескі асфальттың 80%-ы топырақ жолдардың үстінгі қабатына төсеу үшін қолданылады. Аудан әкімдіктерінің өтініші бойынша 6 мың тоннадан астам ескі асфальт үгіндісі инженерлік коммуникациялар жүргізілген шағын аудандардың жолын қалпына келтіру үшін пайдаланылды.




Бұл материалдар Достық, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Мақатаев және Наурызбай батыр көшелерінен шықты. Қырып алынған асфальтбетон 100-ден астам көшеге қолданылды.

Сонымен қатар, жол айырығындағы 35 мың шаршы метр плита алынды. 11 мың шаршы метрі тоннельдердің түбіне төселді. Қалғаны аудандық әкімшіліктер мен «Алматы Тазалық» ЖШС-ға берілді.




Қала ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу кезінде 19 мың метр жол жиегі де қайта қалпына келтірілді. Бүлінбеген гранит бордюрлер «Алматы Тазалық» ЖШС қоймасында сақталады. Қайта қолдану үшін мекемелер тапсырыс беру қажет.




Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай