Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының бірқатар ықшам ауданында суық су беру тоқтатылады

2021 жылдың 28 тамыз 2021 12:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астананың М.Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 31тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін М.Әуезов ауданының «Алмас», «Астана», «Атамекен», «Мамыр-1», «Мамыр-2», «Мамыр-4», «Мамыр-5» «Мамыр- 6», «Мамыр-7», ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

«Сонымен қатар, Достық- Шаляпин -Яссауи -Б. Момышұлы- Абай көшелерінің аймағында орналасқан ғимараттарда су болмайды. Енгізілген шектеулер сумен жабдықтау объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыру үшін қажет»,- деп хабарлады «Алматы су» МКК.

Жөндеу жұмыстары кезінде жоғарыда аталған аумақтарда орналасқан денсаулық сақтау және білім беру нысандары ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Алматы су» коммуналдық кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.


Жоғары қарай