Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының Бостандық ауданында ыстық су болмайды

2021 жылдың 11 маусым 2021 19:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының жоғары бөлігінде ысқты су бір күнге ажыратылады.

14 маусым таңғы сағат 8:00-ден 15 маусым таңғы сағат 8:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Сәтбаев – Наурызбай батыр - Тимирязев - Сейфуллин көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.

« Жылу желілеріне жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілді. Тұрғындардың жағдайға түсінікпен қарауын өтінеміз»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай