Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен кетеді

2022 жылдың 13 мамыр 2022 16:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы шешім қабылдап, басқармаға ұсыныс жасады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек», - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео пайда болған еді.

Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігер Лаура Мырзағалиға қатысты тексеру басталғанын мәлім етті.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Заң, Медицина, Алматы,
Жоғары қарай