Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматының  екі ауданында суық су болмайды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 17:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алатау және Түрксіб ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«11 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Алатау ауданына қарасты «Зерделі», «Нұркент», «Алмалы», «Алатау Сити» мен Атлетикалық ауылында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. Сонымен қатар, 13 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Түрксіб ауданындағы Шолохов-Ержанов-Осипенко-Сауранбаев көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады», деп хабарлайды «Алматы су».

Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.


Жоғары қарай