Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция 538,6 млрд теңгеге жетті

2021 жылдың 20 тамыз 2021 16:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция 538,6 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, 7 айдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы өсімінде оң серпін байқалады.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 538,6 млрд теңгені құрайды немесе 119,7%-ға жетті. Инвестициялар негізінен үш көзден тартылған. Оның негізгі үлесі кәсіпорынның өз меншік иелеріне тиесілі – 66%, қарыз қаражаттары – 18%, мемлекеттік бюджет – 16%. Осы жылдың қаңтар-шілде айларында инвестицияның көлемі жылжымайтын мүлікке 255 млрд теңге, көлік және қоймалауға – 65 млрд, өнеркәсіпке- 50,4 млрд, қаржы және сақтандыру қызметіне – 34 млрд теңге тартылды», -деді спикер.

Сонымен қатар, 2021 жылы 1,2 трлн теңге сомасына инвестиция тарту, 10 мың жұмыс орнын, соның ішінде 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 332,6 млрд теңге сомасына 83 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланған.

«Мәселен, 57,6 млрд теңгеге 16 әлеуметтік жоба қарастырылған, атап айтсақ әл-Фараби даңғылындағы Балет театры, К.Әзірбаев көшесіндегі спорт-медициналық орталық, Д. Қонаев атындағы Академияның жанындағы жатақхана және басқалары. Сауда және қызмет көрсету саласында 38,7 млрд теңгеге 19 жоба қарастырылса, өнеркәсіп саласында 59,6 млрд теңгеге 16 жоба, жылжымайтын мүлік саласында 176,7 млрд теңгеге 32 жоба бар»,-деді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Инвестициялар, Алматы,
Жоғары қарай