Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының орталық көшелері уақытша жабылады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 15:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Медеу ауданында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 25 қыркүйекте сағат 17:00-ден 26 қыркүйек сағат 23:00-ге дейін Райымбек – Назарбаев даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін, Пушкин көшесінен Мақатаевтан Райымбек даңғылына дейін, Уәлиханов көшесі бойымен Райымбек даңғылына дейін, Қонаев көшесінен Мақатаев көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.





«Сонымен қатар, 203, 204, 207, 208, 220, 221, 222, 225, 228, 410 автобустарының қозғалысы өзгереді: Райымбек даңғылы бойынша – Назарбаев даңғылы мен Пушкин көшесінің арасындағы барлық қоғамдық көлік шығыс бағытта жолайырықтың тоннель бөлігі арқылы өтетін болады. Талғар, Есік қалалары мен Өтеген Батыр кентінің маңындағы жолаушылар үшін Райымбек-Назарбаев даңғылы, Райымбек-Жангелдин, Пушкин-Мақатаев, Гоголь-Назарбаев даңғылы соңғы аялдама болады», – делінген хабарламада.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Аймақ, Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай