Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргінші жолына айналады

2020 жылдың 22 маусым 2020 16:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының орталық көшелері жексенбі сайын жаяу жүргінші жолына айналады. Қолға алынған жоба туралы әкімдік түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қазіргі ұстанымымыз осындай. Ол пилоттық режимде болады, алдымен Алмалы ауданындағы көшелерді жабамыз. Осыдан кейін көрсеткіштерді салыстырамыз. Яғни, ауаның сапасын бақылаймыз, шуды өлшейміз, жаяу жүргіншілердің санын қарастырамыз», – деді онлайн брифинг барысында Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Оның айтуынша, осыдан кейін ғана бұл жобаның тұрақты немесе уақытша болатынына қатысты шешім шығады.

«Мүмкін қаланың белгілі бір аудандарында ғана қолданатын болармыз» деп атап өтті басқарма басшысы.

Бұған дейін, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының орталық көшелері демалыс күндері жаяу жүргіншілер жолына айналатынын мәлім еткен болатын.


Жоғары қарай