Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматының жабылатыны туралы тараған ақпарат жалған – әкімдік

2020 жылдың 30 маусым 2020 12:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының жабылатыны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 30 маусымы сағат 00:00-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпарат тарады.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлім етті.

«Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз»,– делінген хабарламада.


Жоғары қарай