Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы туралы айтты

2019 жылдың 17 шілде 2019 12:18 398

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы бойынша бұғатталған қаржыны мемлекетке қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырсында бюджетті тиімді игеру бойынша ауқымды тапсырмалар бергенін еске салған Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы жайлы сөз қозғады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аstana LRT жоба құны тым жоғары екенін, өзін-өзі ақтайтыны күмәнді екенін айтты. Қазір Үкіметпен бірге құрылыс құнын оңтайландыру бойынша жұмыстар істеп жатырмыз. «Астана» банкінің LRT құрылысы бойынша бұғатталған барлық қаражаты мемлекетке қайтарылуы тиіс», - деген қала әкімі алдағы уақытта бюджеттік бағдарламалардың қайта жасалатынын жеткізді.

«Имидждік жобалардан тартыну қажет болады. Президент бұл тұрғыда айқын мақсат қойды. Бюджеттік жобалар «Не үшін қажет» және «Әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қандай» деген ең қарапайым екі сауалға жауап беру тиіс екенін атап өтті. Расымен де жобаны дайындағанда техникалық-экономикалық құжаттама мен жобалық сметасынан бұрын қандай әлеуметтік-экономикалық мәселені шешетініне бас ауырту қажет», - деді Алтай Көлгінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан LRT -ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, биыл көктемде Әлихан Смайылов елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, кейін LRT құрылысының қашан нақты аяқталатыны белгілі болды.



Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай