Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Алтай Көлгінов: Азық-түлікті шекті бағасынан асыра сатқандардың бәрін жауапқа тартамыз

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада азық-түлік пен тауарларды шекті бағасынан асыра сатқан кәсіпкерлердің бәрі жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіп отырмыз. Бізде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бар. Тұрақтандыру қоры арқылы 1,3 млрд теңге бөлдік. Шекаралар жабылып жатқаннан кейін импорт бойынша қиындықтар туындайды. Біз 6 мың тонна ұн сатып алдық. Картоп, сарымсақ, сәбіз, жеміс-жидек те алынды. Бізбен серіктесе жұмыс жүргізіп отырған «Магнумға» алғыс айтқым келеді. «Магнумдағы» бағаны тікелей өзім бақылауда ұстадым. Онда картоптың келісі 107 теңге болды. Маған «басқа жақты қараңыз, қымбат» деді. Иә солай. Ал біз жұмыс істеп жатқан «SMALL», «Магнум», «Астықжанда» біз бағаны интервенция арқылы бақылап отырмыз», - деді Алтай Көлгінов Тенгриньюс.кз порталына берген тікелей эфирдегі сұхбатында.

Қала әкімі азық-түлік түрлері бойынша шекті бағаның бекітілгенін жеткізді.

«Қазір жаңа түсімге дейінгі - маусым арасындағы кезең өтіп жатыр. Яғни, министрлік пен әкімдік белгілеген азық-түліктің шекті бағасынан қымбаттата сатқан кез келген кәсіпкерді жауапкершілікке тартамыз», - деді ол.



Жоғары қарай