Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтай Көлгінов елордадағы заңсыз көлік тұрақтарына қатысты түсініктеме берді

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 15:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде заңға сүйену керек. Қалалық әкімдіктің келісімінсіз автокөлік тұрағы ашылса, демек ол заңсыз деген сөз. Әкімдік тек заң аясында жұмыс істейтіндерді қолдайды. Біз қала тұрғындарының көлік тұрағына қатысты қиындыққа ұшырап немесе артық ақша төлемегенін қалаймыз», - деді А. Көлгінов тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, елордадағы «Министрліктер үйі» және «Нұрсая» тұрғын үй кешені маңындағы автотұрақтар заңға сәйкес жұмыс істеуде.

«Ал әкімдіктің рұқсатынсыз жұмыс істеп жатқан автокөлік тұрақтарына қатысты тұрғындардың тарапынан шағымдар түсіп жатыр. Және автотұрақ қызметіне жауапты мемлекеттік органдар тарапынан да сұрақтар туындауда», - деді ол.

Еске сала кетсек , өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны және талаптарды елемегені үшін «Парковочное пространство» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді. Ол бойынша аталған ұйымға көлік тұрақтары үшін төлемдерді заңсыз жинаған деген айып тағылған болатын.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Көлік, Әкім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай