Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

2021 жылдың 10 сәуір 2021 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы велосипедпен аралап шығып, абаттандыру жұмыстарының қарқынын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаланы санитарлық тазартумен қатар, саябақтар, алаңдар, бульварлар сынды қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. Қоғамдық кеңістіктерді салып, кеңейту жеткіліксіз, оларға тиісті күтім жасау қажет. Көктемнің басталуымен оларды ретке келтіру керек: қардан тазартып, құрғақ бұтақтарды кесіп, шағын сәулет нысандарын ретке келтіру қажет және тағы басқасы.





«Қаланы жаяу аралау кезінде бірқатар саябаққа, соның ішінде тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылы ашылған «Көктал» (Сарыарқа ауданы) елді мекеніндегі саябаққа және Ботаникалық баққа (Есіл ауданы) бардым», - деп жазды А.Көлгінов.
Астана басшысы қаланы аралап шыққан соң аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұдан былай, әкімдер жұмыс күнінің басында және аяғында өзіне қарасты ауданды аралап шығатын болады. Сондай-ақ халықпен кері байланыс күшейтіледі.





«Сонымен қатар аудан әкімдеріне сапасыз жұмыс істеген мердігерлермен келісімшартты бұзуды, оларды жауапкершілікке тартуды және «қара тізімге« енгізуді тапсырдым. Жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдарға жоғары талап қою кәсібилігі төмен мердігерлерден тапсырыс алуға тосқауыл болады. Тек осылай ғана қызмет көрсету сапасын арттыруға болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Айтып өтілгендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан - жайлы қала»мастер-жоспары аясында биыл елорда аудандарын дамыту жалғасады. Мысалы, өткен жылы рекордтық көлемдегі қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар салынды және жөнделді.






















Жоғары қарай