Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтай Көлгінов Үкіметте елорданы газдандыру туралы есеп берді

2020 жылдың 24 қараша 2020 10:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданы газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «5 әлеуметтік бастамасына» сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша елорданы газдандыру және тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету аясындағы жұмыстар жоспарға орай жүргізіліп жатыр. Газ тарту желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген. Іске қосу кешенінен тұратын жобаның 1-кезеңінің құрылысы 2019 жылдың күз айында басталды. Қазіргі уақытта «Көктал» тұрғын үй алабына келетін газ желісінің құрылысы толықтай аяқталды. «Железнодорожный» тұрғын үй алабына газ тарту желілері толығымен 100 пайыз орнатылды. Аталған желілерге сервистік қызмет көрсету үшін олар «ҚазТрансГаз» АҚ-қа берілді», - деді ол.

Оның дерегінше, «Көктал-1», «Көктал-2», «Өндіріс» тұрғын үй алаптарында және «Агроқалашықтың» бір бөлігінде жұмыстар аяқталуға жақын. Атап айтқанда, құрылыс-монтаждау жұмысы бітіп, онда газ желілері тексеріліп жатыр.

« ҚазТрансГаз « АҚ «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» тұрғын үй алаптарын газдандыруды кестеге сәйкес жүргізіп жатыр. Жалпы қала тұрғындарының төрттен бір бөлігі тұратын аталған тұрғын үй алаптарында 300 шақырымға жуық газ желісі тартылды. Келесі жылы «Агроқалашық» және «Оңтүстік шығыс» тұрғын үй алаптарын толықтай қамтамасыз ететін 3 іске қосу кешені пайдалануға беріледі. Газдандырудың 2 және 3 кезеңі бойынша жобалау, іздестіру жұмысы жүргізілу үстінде. Оларды жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сонымен қатар жеке инвестицилар тарту арқылы жоспарланған», - деді Алтай Көлгінов.


Жоғары қарай