Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 19 қазан 2020 08:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 19 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күні – Атырау, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, ал түнде Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай