Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 19:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен батысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

4 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

4-5 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні 23 м/с жетеді. 4-5 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болуы ықтимал, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4-5 тамызда күндіз Жезқазғанда 35-37 градус ыстық болуы мүмкін.

4 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласында 4 тамызда нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы, найзағай жарқылдап, күн күркіреуі, мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

4 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең 35 градус ыстық болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай