Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтын арзандаса да, елдің алтын валюта қоры ұлғайды - Ерболат Досаев

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде алтын арзандаса да, Қазақстанның алтын валюта қоры ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Елдің алтын валюта резервтері бір айда 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайып, тамыздың соңында 36,8 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын портфелі бір унция үшін 1 814 АҚШ долларына дейін (0,8%-ке) төмендегеніне қарамастан, басым құқықты пайдаланып алтын сатып алу есебінен 134 млн АҚШ долларына өсті», - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен бірге, ол тамыз айында Халықаралық валюта қорынан арнайы қарыз алу құқығы 1,6 млрд доллар шегінде болғанын, екінші деңгейдегі банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары мен депозиттері өскенін атады.

«Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, жалпы халықаралық резервтер бір айда 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 93,7 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Ұлттық банк басшысы.


Жоғары қарай