Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтын сақа: Елордада жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын онлайн олимпиада өтті

2020 жылдың 28 қараша 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда білім мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары қатысқан дәстүрлі «Алтын сақа» олимпиадасы 27-28 қараша күндері онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығы және «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы математика пәнінен болатын қалалық олимпиаданы биыл VI мәрте ұйымдастырып отыр.




Astana Hub кешенінде заманауи жабдықталған студияда онлайн өткен олимпиадаға астана мектептерінен іріктелген 448 оқушы қатысты.

«Бұл олимпиаданың мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мектеп оқушылары ішінен математика пәніне бейімі бар балаларды анықтап, ол балалармен ары қарай кешенді жұмыс жасау, жеңімпаздарды жыл бойы оқу жаттықтыру жиындарына шақырып отыру. Балаларды қаладағы ең үздік математик мұғалімдердің мастер класына қатыстырып, сабақ алуын ұйымдастыру арқылы олардың деңгейін жетілдіреміз», -дейді «Астана дарыны» ДДжПС орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.




«Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің айтуынша, биылғы олимпиада пандемияға байланысты алғаш рет онлайн форматта өтіп отыр.

«Бұл олимпиаданың техникалық мүмкіндігі өзгеше деуге болады. Шетелдік ең озық инновациялық технологиямен жабдықталған студиядада өтті. Тікелей трансляцияның сапасы, байланыс мүмкіндігі, ғаламтор жылдамдығы да жоғары деңгейде. Олимпиаданың академиялық тазалығына баса мән беріліп отыр. Әр сұраққа берілген уақыт – 3 минут. Сұрақтардағы 6 жауаптың 1, 2, 3 жауабы дұрыс болуы мүмкін. Уақытынан кешіккен жауаптар қабылданбайды. Ал, іріктеп алынған үздіктердің өзі арнайы комиссия алдында өз жауабын дәлелдеп, сыннан өтеді. Бұл критерийлер қатысушылардың көшіру, басқалардың көмегіне жүгіну ықтималдығын барынша төмендетеді. Техинкалық процес пен жауаптарды қадағалау үшін орталығымызда 30-дан астам білікті менеджер мамандар жұмылдырылды»,-дейді Ырысбек Мәуіт.

Айта кетейік, жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлерге демеушілер көмегімен жалпы қоры 1 миллион теңгені құрайтын қаржылай сыйлық берілді.


Жоғары қарай