Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Алтынемелде» алғаш рет фототұзаққа қар барысы ілінді

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен ілбістің видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы көзге түсті. Жыртқыш фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі соңғы рет көктемде «Сайрам Өгем» ұлттық паркінде байқалып еді», - деп жазды министр Twitter парақшасында.


Оның айтуынша, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 ілбіс бар. БҰҰ ДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына бұған дейін 294 фототұзақ орнатқан.

«Барыстың көзге түсуі - ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар нақты шараларды қабылдап, жүзеге асырады», - деп жазды министр.

Еске сала кетсек осы жазда Ақсу-Жабағылы табиғи қорығында ілбіс фототұзаққа ілінгені хабарланған болатын.


Жоғары қарай