Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Амазониядағы алапат өрт: Прокуратура тергеуді бастады

2019 жылдың 23 тамыз 2019 02:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Амазонка өзені бассейні ормандарындағы өрт аумағының күрт ұлғаюы Бразилия федеральдық прокуратурасының тергеуді жүргізуіне себеп болды, деп хабарлады бейсенбі күні Reuters агенттігі.

Амазонияда тұтанған сұрапыл өрт үш аптадан бері жалғасып жатыр. Бразилия Ұлттық ғарыштық зерттеу институтының деректеріне қарағанда, биылғы жылы өңірдегі орман өрттерінің алаңы өткен жылмен салыстырғанда 82 пайызға көп болып отыр.

Тергеу өрт аумағының өршуі себептерін анықтайтын болады.

Бұдан бұрын Бразилия президенті Жаир Болсонару Амазония ормандарындағы өртті ауыздықтауға мемлекеттің күші жетпейтіндігін мәлімдеген болатын.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай