Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Америкалық отбасы асырап алған жігіт Қазақстанда қалған әке-шешесін іздеп жатыр

2021 жылдың 24 қараша 2021 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық отбасы асырап алған жігіт Қазақстанда қалған әке-шешесіне іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Менің бауырымды да Қазақстаннан асырап алған және ол өзінің биологиялық әке-шешесін іздейді. Өкінішке орай оның құжаттарында биологиялық әкесі көрсетілмеген. Бірақ, шыққан тегіне жүргізілген тесттен оның қазақ екенін білеміз. Бауырымның туғанда берілген аты-жөні – Андрей Шаталин. Биологиялық анасының аты-жөні Шаталина Натлья Алексеевна. Ол орыс болуы мүмкін. Шамамен 1973 жылыдүиеге келгенін және оны дүниеге әкелгенде 28 жаста болған. Бауырым 2002 жылдың 13-19 қазаны аралығында дүниеге келген», - деп жазды Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасында Елизабет Азиз.

Оның атап өтуінше, құжаттарға сәйкес, Андрейдің туған аасының тағы бір баласы болуы мүмкін.

«Бауырым Қазақстан, Астана қаласындағы Манас көшесі 8 мекенжайда дүниеге келді. Ол жерде қазір аурухана әлі барма білмеймін. Оны перзентханаға тастап кеткен. Содан кейін Астанадаға мамандандырылған балалар үйіне орналастырған. Қолымызда бар ақпарат осы ғана», - деді ол.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Америка, Қоғам, Қандастар,
Жоғары қарай