Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АН-2 ұшағының шұғыл қонуы: Борт командирі мән-жайды айтып берді

2021 жылдың 27 ақпан 2021 14:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АН-2 ұшағының командирі Тахир Өтегенов ұшу барысында не болғанын және неліктен апаттық жағдайда қону туралы шешім қабылдағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 26 ақпанда Боралдай-Кеген бағытында ұшып шығып, жерден 50 метр биіктікке көтерілгенде қозғалтқыштың қуатын жоғалтқанын және ұшақтың төмендей бастағанын байқадым. Ұшып шыққан әуежайға оралу үшін ұшақты жайлап бұра бастадым. Бортта жолаушылардың болуына және елді мекендердің үстінен өтіп бара жатқанымызға байланысты қонуға болатын ауданды барынша бағдарлауға тырыстым. Боралдай әуежайының жолағына түсу үшін кедергілерден өте берген кезде ұшақ биіктік жоғалтып жерге соғылды. Бортта болған жолаушылардың барлығы, экипаж мүшелері дін-аман», - деді Тахир Өтегенов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Тelegram-парақшасында жарияланған видеода.

Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда Боралдай-Кеген бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған «Азия Континенталь» әуе компаниясының АН-2 әуе кемесі Боралдай автожолының шығысына қарай 1,5 шақырым жерде мәжбүрлі түрде қонды.

Бортта 5 адам болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы болған жағдайды тексеріп жатыр.



Жоғары қарай