Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Анар Жайылғанова мемқызметшілерге үндеу жолдады

2020 жылдың 18 наурыз 2020 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік орган басшылары қызметшілердің денсаулығын және күнделікті қызметтерді толыққанды орындау қабілетін сақтауға жағдай жасауы тиіс. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы кезеңде біздің отандастарымыздың жайлылығы мемлекеттік органдарға байланысты. Алайда, қазір мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтауға көңіл бөлу де өте маңызды. Осыған байланысты ағымдағы жағдайға қарамастан өз міндеттерін күнделікті және адал орындап жүрген мемлекеттік қызметшілерге үндеу жолдағым келіп отыр», - деді Анар Жайылғанова.

Осы ретте агенттік төрайымы мемлекеттік қызметшілерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алу жөніндегі ұсынымдарын қатаң ұстауға шақырды.

«Гигиена ережелерін сақтау әріптестеріңіздің және азаматтарымыздың арасында COVID-19 таралмауына көмектеседі. Қалыптасқан жағдай коронавирустық инфекцияның таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты мемлекеттік орган басшыларын мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын және күнделікті қызметтерді толыққанды орындау қабілетін барынша сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасауға шақырамыз», - деді ол.


Жоғары қарай