Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Анар Жайылғанова Президент кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті

2020 жылдың 22 қазан 2020 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік төрағасы Анар Жайылғанова Сума Чакрабартиді ведомствоның құрылымымен және оның елдің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлімен таныстырды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру мәселелеріне ерекше назар аударған болатын.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қағидаттарына сай келетін технологиялық және тиімділігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша өз ұстанымын ортаға салды.

Кездесуде тәуелсіздік жылдарынан бері Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың басшылығымен өзінің тиімділігін көрсеткен мемлекеттік басқарудың жүйелендірілген моделі құрылғаны айтылды.





Сондай-ақ, агенттік төрағасы әзірленіп жатқан «iQyzmet» платформасы базасында цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа көзқарастар мен тың бастамалар бар кәсіби кадрлардың жаңа кластерін қалыптастыру бағытында бірқатар жобаның іске асырылып жатқанын жеткізді.

«iQyzmet» платформасы нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызметтің сапалық және сандық сипаттамаларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді және стратегиялық кадрлық жоспарлауды іске асыру бойынша мүмкіндіктерді елеулі түрде ұлғайтады.

Өз кезегінде С.Чакрабарти ведомство басшылығының ашықтығы, ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастыққа, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласындағы жүйелі міндеттерді бірлесіп іске асыруға ниет білдіргені үшін алғысын білдірді.








Жоғары қарай